Алдымен барша жұрт Д.Қонаевтың туғанына 113 жыл толуына орай, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Кейіннен Мәдениет үйінде мемлекет және қоғам қайраткерін еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Qonaev-gorod Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға қала әкімі Асхат Бердіханов қатысып, Д.Қонаевтың өр тұлғалы азамат болғаны жайында маңызды деректерге тоқталды.