ҚАЖ Комитеті төрағасының міндетін атқарушы әділет полковнигі Абай Қайырбековтың басшылығымен өткен қорытынды жедел-қызметтік кеңеске Департаменттің жеке құрамы, ведомстволық бағынысты мекемелердің және пробация бөлімдерінің бастықтары қатысты.
Бірінші кезекте ҚАЖК басшысы Департамент бастығы әділет подполковнигі Рысбек Тұрғымбаевты таныстырды. Сонымен қатар, жеке құрамға ІІМ Министрінің жыл қорытындысы бойынша алқада айтылған тапсырмаларын жеткізді.
Жедел кеңес барысында қызметтердің 2024 жылғы 12 айдағы қызметінің қорытындылары шығарылды, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер белгіленіп, әр бағыттағы жетістіктер аталып, кемшіліктер талданды.