Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №12 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды колония аумағына жеткізу әрекетін тоқтатты.
Оқиға сотталғандарға арналған сәлемдемелер мен бандерольдерді тексеру барысында орын алды. Қызметкерлердің назарын, сәлемдемелердің бірінде болған қысқы аяқ киімдер аударды. Мұқият тексеру кезінде етіктің ішіндегі ұлтарақ астынан түйіншектер табылды.