Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №10 мекемесінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері Қарасай, Іле және Жамбыл аудандарының жоғары сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді.
Іс-шара аясында қызметкерлер Қарасай ауданының 4 мектебі мен 1 колледжіне, Жамбыл ауданының 3 мектебіне және Іле ауданының 1 мектебіне барып, 500-ге жуық оқушыны қамтыды.
Кездесулердің негізгі мақсаты - жастарды Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсу мүмкіндігі туралы хабардар ету.