Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Балқаш ауданы Миялы ауылының 42 жастағы тұрғыны жүгінді.
Әйелдің айтуынша, 2025 жылғы 8 ақпанда сағат 15:00 шамасында Қызыл-Қайрат ауылында белгісіз адамдар оның кәмелетке толмаған ұлын күштеп Hyundai Elantra маркалы автокөлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Оның сөзіне қарағанда, қаскөйлер баланы ұрып-соғамыз деп қорқытып, 5 миллион теңге талап еткен.