Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Шеңгелді ауылдық округінде қызмет ететін шаруалармен, сорғы станцияларының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Qonaev-gorod Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауқымды жиында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселесі талқыланды. Жауапты бөлімнің басшысы Асқар Ибраимовтың сөзінше, елдімекенде 9 сорғы станциясы орналасқан. Қазір оның төртеуінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталып, ағымдағы жөндеу жасалуда.
Ал №4 сорғы станциясының басшылығы қаржылық тапшылықтың болуына байланысты жөндеу жүргізудің кешіктіріліп жатқанын мәлім етті. Осы орайда, Асхат Бердіханов әкімдікпен үшжақты меморандумға қол қою арқылы қажетті қондырғыларды уақытша пайдалану туралы ұсыныс білдірді.
Егер бұл шара жүзеге асса, №4 сорғы станциясы 1000 гектардан астам жерді суарға мүмкіндік болады.