18+

ҚАЖ қызметкерлері "Қызметтегідей спортта да" акциясын қолдады

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №57 мекеме қызметкерлері ҚР ІІМ "Динамо" республикалық дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына арналған республикалық эстафетаға қосылды.

"Динамо" қоғамының ғасырлық мерейтойына орай ҚР Ішкі істер министрлігі құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Қызметтегідей спортта да: қадамнан қадамға" атты кең ауқымды акциясын іске қосты.

Осы бастама аясында, №57 мекеме басшылығы волейбол турнирін ұйымдастырды. Турнирге Алматы және Жетісу облыстарының мекеменің командалары қатысты.

"Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен қатар ұжымдық рухты қалыптастыруға, физикалық белсенділікті арттыруға және зиянды әдеттердің алдын алуға ықпал етеді", – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Рысбек Тұрғымбаев.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған №71 мекеме командасы эстафетаны қабылдады. Екінші орынды №49 мекеме командасы, ал үшінші орынды №10 мекеме командасы иеленді.

Үздік ойыншы атағы №49 мекеме режим және қадағалау бөлімінің бастығы Мади Оразбақовқа берілді.

Конаевский гарнизон
12:51, 6 марта