Бұл туралы Ақөзек ауылының тұрғындарымен кездескен Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов айтты.
Әкім алдымен өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, кейіннен алдағы жоспарлармен бөлісті.
Бұл туралы Ақөзек ауылының тұрғындарымен кездескен Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов айтты.
Әкім алдымен өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, кейіннен алдағы жоспарлармен бөлісті.
"Былтыр Шеңгелді ауылында балалар ойын алаңы және 1200 метр арық желілері салынды. Осы жылы да Шеңгелді, Кербұлақ ауылдарында арық желілерін салу жоспарлануда", - деді шаһар басшысы.
Ал "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы аясында Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жасау жоспарланған. Қазіргі таңда жобалық-іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
"Ақөзек ауылында жаңа дәрігерлік пункт бой көтереді. Бүгінде жер телімінің құжаттары рәсімделіп жатыр", - деді Асхат Бердіханов.
Қала басшысының мәліметіне сүйенсек, Шеңгелді ауылдық округінде демеушілердің есебінен 10 балалар спорт алаңы салынады.
Сондай-ақ Қонаев қаласының Кешенді даму жоспарына сәйкес, барлық елдімекендердің көшелерін жарықтандыру көзделуде. Жоба мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Сараптаманың оң қорытындысы шыққаннан кейін қаражат бөлу мәселесі қарастырылады.
"2024 жылы Шеңгелді ауылының 3,7 шақырым электр желілеріне және 4 трансформаторға жөндеу жұмыстары жүргізілді, 2 трансформатор жаңадан қойылды. Биыл мұнда 1 трансформатор қою және 3 шақырым электр желісн тарту жоспарлануда. Аталған жоба 6 көшені қамтиды", – деді қала әкімі.
Сонымен қатар Асхат Бердіханов "Шеңгелді топтық су жүйесін қайта жаңғырту және салу" жобасы дайындалып жатқанын айтты. Жоба мемлекеттік сараптамаға наурыз айында өтеді.
Жол-көлік инфрақұрылымына келсек, былтыр №2 сорғы станциясына баратын 6 шақырым жолға "ТОЛАҒАЙ 2050" ЖШС-нің демеушілігімен тас-құм төселді. Жалпы жоспарға сәйкес, 27 шақырым жол жөнделеді деп жоспарлануда.
Оның ішінде: Кербұлақ (8 км), Сарыбұлақ (8 км), Қосқұдық (7 км), Ақөзек (4 км). Құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Жөндеу жұмыстарына қаражат бөлініп, мердігер компаниямен келісімшарт жасау көзделуде.
Баяндама оқылған соң, тұрғындар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды. Шаһар басшысы оның бірқатары бойынша ақпарат ұсынып, жақын арада тағы да кездесу ұйымдастырылатынын мәлімдеді.
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі