18+

Алматы облыстық ҚАЖД Көрісу күнін атап өтті

Көрісу күні – қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрі. Бұл мейрам адамдардың бір-біріне амандасып, өткен реніштерін кешіріп, жылы тілектер айтып, қауышатын ерекше күн.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде бұл ұлттық мереке кеңінен аталып өтті. Департамент қызметкерлері мереке күні ұлттық киім киіп, бір-бірімен төс қағыстырып, амандық-саулық тілесті.

Бұл бастама дәстүрді дәріптеп қана қоймай, ұжымдық бірлікті нығайтуға және қызметкерлердің моральдық-психологиялық ахуалын жақсартуға ықпал етті.

"ҚАЖ департаментінде дәстүрлі мерекелердің атап өтілуі ұжымдық рухты көтеріп, ұйым ішіндегі қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді. Бұл тәжірибе алдағы уақытта да жалғасын тауып, қарамағымыздағы мекемелерінде де кеңінен таралады", - деп атап өтті Департамент бастығының орынбасары Магнис Сабиров.

Конаевский гарнизон
11:13, 14 марта