Өңірдің экспорттық әлеуеті шетелдік нарықтардың назарын аударуды жалғастыруда.
Алматы облысы әкімдігі, Өңірлік даму орталығы, ҚР Сауда және интеграция министрлігі және "QazTrade" сауда даму орталығы" АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде жергілікті тауар өндірушілер Қытайдың Сиань қаласына сауда-экономикалық миссиямен барады.
Сапардың негізгі мақсаты – сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, экспортталатын өнім түрлерін кеңейту және Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестік байланыстарын нығайту.
Өңір кәсіпорындары үшін бұл жаңа нарықтарды игеруге және отандық өнімдердің халықаралық аренадағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Экспортталатын тауарлар қатарына Қытай нарығында сұранысқа ие алкогольсіз сусындар, азық-түлік өнімдері және агроөнеркәсіптік тауарлар кіреді.