Қонаев қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті.
Тазалық іс-шарасына 87 мекемеден 1650 адам қатысып, 15 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 27 тонна қоқыс шығарылып, қаланың бірнеше аумағы толықтай ретке келтірілді.
Бұл күні әлеуметтік, әкімшілік, кәсіпкерлік нысандардың айналасы, "Шошқалы сай" арнасы тазартылып, ағаштардың діңі әктелді. Сонымен қатар стихиялық қоқыс орындарындағы тұрмыстық қатты қалдықтар жойылып, 2 саябаққа тазалық жұмыстары жүргізілді.
Қала әкімдігі сенбіліктерге белсенді атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреді. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз!
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі