Айта кету керек, республикалық акция "Таза өлке", "Киелі мекен", "Жасыл аймақ", "Мөлдір бұлақ" тақырыптарына арналған іс-шаралар болып өтіп тұрмақ.
Бүгін соның ішіндегі "Жасыл аймақ" науқанына Алматы облысының ТЖД қызметкерлері мен аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары қатысып, өз үлестерін қосуда.
Мәселен, департамент басшысы Оразбеков Дәурен Дәулетқанұлының бастамасымен Талғар ауданындағы Қайнар ауылдық округі, Жаңалық ауылы, "Қайрат" индустриалдық аумағы 14-ші өрт сөндіру бөлімінің аумағында 16 қызметкердің қатысуымен 90-ғі жуық ағаш түрлері егіліп, суғарылды.
Сонымен қатар аталмыш акция Еңбекшіқазақ ауданында жалғасты. Өңірдің № 3 өрт сөндіру бөлімінің ауласына төтенше жағдайлар саласына сүбелі үлес қосқан ардагерлермен бірге департамент басшысы алма көшет ағаштарын отырғызды.
Егілген әр шыбық талының жанына арнайы тақтайшалар қойылды. Бұдан кейін сенбілікке қатысушылар талдарды ағартып, маңайдағы ағаштарды суғарып, түптеу жұмыстарын жүргізді.
Ал, Төтенше жағдайлар департаментінің аппараты Қонаев қаласындағы "Шошқалы сай" аумағын қоқыстардан арылтып, қатты қалдықтарды тазалап шықты.
Жалпы облыс бойынша тазалық айына 200-ден астам қызметкер қатысып, 120-ға жуық ағаш, 3 тонна және қоқыс шығарылып, 10 техника жұмылдырылған.
Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі