18+

Қонаев тұрғындары 150 ағаш екті

Қонаев қаласында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.

Қала тұрғындары бұл игі іске бір кісідей жұмылып, Сейфуллин көшесінің бойына 135 ағаш екті. Бұл көшеде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, демалыс орындары мен веложолақтар салынған болатын. Енді жасыл желекпен көмкерілген бұл көше қала көркіне көрік қосары сөзсіз.

"Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деген нақылды ұстанған тұрғындар бұл іс – табиғатқа деген жанашырлықтың белгісі, ал көгалдандыру – келешекке жасалған үлкен инвестиция екенін атап өтті.

Сонымен қатар Ұйғыр ауданынан саябақты көгалдандыруға үлес қосу мақсатында 15 ағаш сыйға тартылып, отырғызылды.

Мұндай ынтымақ пен бірлікке негізделген бастамалар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға ғана емес, қоғамдық сананы тәрбиелеуге де ықпал етеді.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фестиваль
10:11, 18 апреля