
Каскелен
13:56, 27 декабря 2023 г.
Надежный источник
Қаскелеңде қоқыс қыркүйектен бастап шығарылмаған: қала әкімі ескерту алды
Каскелен
Қарасай ауданы Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашевке ескерту берілді. Бұл туралы аудандық AMANAT партиясы Партиялық бақылау комиссия отырысында айтылды.
Қарасай аданының орталығы қыркүйектен бері қоқыстан тазартылмаған. Ал мұнда 80 мың халық тұрады.
"Қаскелеңде қоқыс шығарылмағалы бірнеше айдың жүзі болды. Контейнерлердің барлығы лық толып тұр. Оның иісі танауды жарады. Көшелерде қолданылған дәретхана қағазы, полиэтилен пакет сияқты қоқыс ұшып жүр. Қалғанын ит-мысықтар шашып кететінін көріп жүрміз", – дейді аудандық депутат Василий Тен.

Депутаттың бұл пікірімен жергілікті тұрғындар да келісіп отыр.
"Әр аула үлкен қоқыс үйіндісіне айналған. Әркім қоқысын кез келген бұрышқа төгіп кететінді шығарған", – дейді есімін жасыруды сұраған тұрғын.
Өз кезегінде отырыс барысында Қаскелең қаласының әкімі конкурс арқылы таңдалған серіктестіктің жұмыс істеуден бас тартқанын айтты.
"Тендерді "Тазалық" ЖШС ұтып алды. Бірақ, компания басшылығы жұмыс көлемінің көп екенін айтып, коммуналдық қызмет көрсетуден бас тартты. Қазір біз басқа компанияларды қаланың тазалығын ретке келтіру үшін тартып жатырмыз", – деді қала әкімі Асқар Мұқашев.

Аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бекжан Сүнбеков серіктестікке ешқандай талап қоя алмағаны үшін әрі қоғамдық резонанс туғаны үшін қала әкіміне ескерту берді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
inDrive масштабно обновляется в Казахстане
Новости компаний
18:06
Объединяя лидеров: Ассоциация деловых женщин расширяет границы в Алматинской области
Деловые женщины
23:20
Вчера
Чемпионат Азии по аударыспаку: шесть золотых медалей из шести завоевала сборная Казахстана
Аударыспак
22:24
Вчера
18:13
Вчера
11:59
Вчера
23:04
21 апреля
ТОП новости
Спецтема
Объявления
09:20, 15 апреля
live comments feed...
Комментарии