
Конаев
19:07, 3 января 2024 г.
Надежный источник
Қонаевта 22 ағашты заңсыз кескен азаматтарға айыппұл салынды
Конаев
Қонаев қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.а. Руслан Ботамбаевтың айтуынша, бүгін Жеңіс паркінің жанында 22 ағашты әлдекімдердің кесіп жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бөлім басшысы мен полиция қызметкерлері аталған аумаққа барды. Нәтижесінде жердің иесі, Н. есімді Қонаев тұрғынына ҚР ӘҚБтК-ның 386 және 505-бабына (жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сәйкес, 30 және 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ ауыр техника жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сай, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Хаттама толтырылған соң ағаш кесу жұмыстары тоқтатылды.
Сонымен қатар қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі қажетті құжаттарды дайындап жатыр. Жер мемлекет меншігіне қайтарылады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
inDrive масштабно обновляется в Казахстане
Новости компаний
18:06
Объединяя лидеров: Ассоциация деловых женщин расширяет границы в Алматинской области
Деловые женщины
23:20
Вчера
Чемпионат Азии по аударыспаку: шесть золотых медалей из шести завоевала сборная Казахстана
Аударыспак
22:24
Вчера
18:13
Вчера
11:59
Вчера
23:04
21 апреля
ТОП новости
Спецтема
Объявления
09:20, 15 апреля
live comments feed...
Комментарии