Конаев
10:44, 22 февраля
Надежный источник
Қонаев қаласында 6000-ға жуық шоб субъектісі қызмет етеді
Конаев
Қала экономикасының маңызды құрамдас бөлігі –шағын және орта бизнес саласы. Былтыр Қонаев қаласы бойынша бөлшек тауар айналымы 31,6 млрд тг-ні құрады. Нақты көлем индексі – 100,8%.
2023 жылы жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 1731 бірлікке артып, 5877-ге жетті. Онда 18 500 адам жұмыспен қамтылды. Олардың қызметінен бюджетке 109,7 млрд тг салық түсті.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 850 млрд теңгеге өнім өндіріп, қызмет көрсетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.
2023 жылы "Кәсіпкерлікті дамыту" ұлттық жобасы аясында айналым қаражатын толықтыруға және қарызды ішінара кепілдендіруге жалпы соммасы 769,2 млн теңгеге 23 жоба мақұлданып, несие берілді.
Ал пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша 24 жоба мақұлданып, азаматтарға 2 888,3 млн теңге кредит берілді.
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:01
Вчера
15:31
20 ноября
12:24
20 ноября
Казахстан запустил первый лесоклиматический проект
Углеродные поглощения
22:34
19 ноября
22:12
19 ноября
ТОП новости
Спецтема
Объявления
10:23, 14 ноября
27
12:46, 10 ноября
15:47, 8 ноября
live comments feed...
Комментарии