
ДУИС
13:36, 28 февраля 2024 г.
Надежный источник
ҚАЖД ведомствоаралық жедел кеңес өткізді
ДУИС

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің ұйымдастыруымен ведомствоаралық жедел кеңес өткізілді.
Аталған жедел кеңес Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың төрағалық етуімен жүргізілді.
Жедел кеңеске Алматы қаласы прокуратурасы, Алматы қаласы полиция департаментінің ЖПҚ және Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.
Жедел кеңесте Алматы қалалық пробация қызметі бөлімдерінің есебінде тұратын сотталғандарды жұмыспен қамту мәселелері және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне тартылған сотталғандар тарапынан жаза өтеу мерзімі кезінде қайталап жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары қарастырылды.
ҚАЖ Департаменті бастығы тарапынан пробация қызметі есебінде тұратын сотталғандардың қайталап жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алудың бір құралы ретінде сотталғандарды жұмыспен қамту жұмыстарын ұйымдастыру үшін, жұмыс тобын құруға ұсыныс енгізілді.
Кеңес шешімі бойынша сотталғандарды жұмыспен қамту және қайта қылмыс жасау алдын алу мақсатында арнайы жұмыс тобының құрамына ҚАЖ департаменті, прокуратура қызметкерлері, ПД ЖПҚ қызметкерлері, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері құрайды, жұмыс тобына нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыру міндеттері жүктелді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:13
23:04
Вчера
18:42
Вчера
Қонаев тұрғындары 150 ағаш екті
Экоакция
18:25
Вчера
18:04
Вчера
Интернет-платформа "Батырларға тағзым": сохранение памяти о героях Великой Отечественной войны
Интернет-платформа
16:14
Вчера
ТОП новости
Спецтема
Объявления
09:20, 15 апреля
live comments feed...
Комментарии