
ДУИС
10:54, 5 марта 2024 г.
Надежный источник
Қайрат Дәлбеков Денсаулық сақтау басқармасымен проблемалық мәселелерді талқылады
ДУИС

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департамент бастығының төрағалығымен, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының, көпсалалалы Қонаев қалалық аурухана өкілдерінің, қоғамдық бақылау комиссия басшыларының, сондай-ақ, №12 мекеме басшылығымен медициналық қызметкері қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында ведомстволық бағынысты мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға медициналық көмек көрсету кезінде туындаған проблемалық мәселелер талқыланды. Департамент басшысы өзінің жеке қабылдауындағы сотталғандардың медицина және денсаулыққа қатысты өзекті өтініштері мен шағымдарын жеткізді.
Кеңес қорытындысы бойынша, ҚАЖД басшылығы Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, проблемалық мәселелер бойынша шаралар қабылдады. Сонымен қатар, медициналық қамтамасыз ету сапасын жақсарту үшін және қысқа мерзімде бар кемшіліктерді жою мақсатында шешімдер кешені әзірленді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен мекемелердегі сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету функциялары Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:13
23:04
Вчера
18:42
Вчера
Қонаев тұрғындары 150 ағаш екті
Экоакция
18:25
Вчера
18:04
Вчера
Интернет-платформа "Батырларға тағзым": сохранение памяти о героях Великой Отечественной войны
Интернет-платформа
16:14
Вчера
ТОП новости
Спецтема
Объявления
09:20, 15 апреля
live comments feed...
Комментарии