23:16, 3 апреля
Надежный источник
Алматы облысында аманаттықтар мен кәсіпкерлер 6 тонна гуманитарлық көмек жинады
Өңірде су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр.
"AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалы "Өжет" базары кәсіпкерлерінің қолдауымен су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 6 тонна гуманитарлық көмек жинады.
"Партияның "Күшіміз бірлікте!" акциясы аясында базар ұжымы су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге өз үлестерін қосып, 3 тонна аяқ киім және 3 тонна киім-кешек жинады. Гуманитарлық көмек ертең де жиналады", – дейді "Өжет" базары директорының орынбасары Бауыржан Салимбаев.
Бұған дейін аманаттықтар тасқыннан зардап шеккен аймақтарға 1 мыңнан аса аяқ киім жолдаған болатын.
"Бірнеше өңірді су алып жатқандығы баршамыздың қабырғамызды қайыстырып отыр. Еліміз үшін, халқымыз үшін қолдан келген көмекті аянып қалмаймыз. Зардап шеккен аймақтардағы әріптестерімізбен хабарласып, қандай қажетті құрал жабдықтар керек екенін сұрадық. Олардың бірінші сұранысы – резеңке аяқ киім.
Кеше партияластар мен депутаттық фракция мүшелері 1 мыңнан аса резеңке етік жинап, алғашқы көмек легін бастаған болатын", – деді "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев.
Айта кету керек, табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары үшін "Алатау жастары" КММ облыстық волонтерлік штабы сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін жұмыс істейді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Казахстанские аптеки смогут работать с маркированными лекарствами без компьютеров
Мобильное приложение
15:45
11:30
19:15
Вчера
Традиционное боевое искусство Юго-Восточной Азии
Пенчак силат
14:39
Вчера
16:01
21 ноября
12:24
21 ноября
ТОП новости
Казахстан запустил первый лесоклиматический проект
Углеродные поглощения
Спецтема
Объявления
10:23, 14 ноября
27
12:46, 10 ноября
10:23, 14 ноября
20
10:23, 14 ноября
live comments feed...
Комментарии