• Главная
  • Қонаев спортшылары "Таза өлке" акциясын қолдайды
Экоакция
10:45, 13 апреля
Надежный источник

Қонаев спортшылары "Таза өлке" акциясын қолдайды

Экоакция

Қонаевта жекпе-жек спорт мектебі және мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) қызмет етеді. Еліміздің көк туын көкке желбіретер спортшыларымыз "Таза өлке" науқанына қолдау білдіріп сенбілікке шықты.

Өз пікірінде БЖСМ-нің әдіскері Қарлығаш Изанова қала таза болуы үшін ең алдымен бірлік керек екенін тілге тиек етті. Айтуынша, көршілес Өзбек мемлекеті бір күнді ақылдаса белгілеп, сол күні халық жаппай сенбілік жасайтын көрінеді. Ұйымшылдық арқасында шаһарлар демде тазарып шыға келеді – дейді маман.

Қонаев спортшылары "Таза өлке" акциясын қолдайды, фото-1

"Таза Қазақстан" акциясы бес аптаға жалғасатыны қуантады. Бұл уақыт ішінде ағаштар әктеліп, көшелер мен аулалар күл-қоқыстан тазартылып, қалаға ерекше өң кірмек. Біз де өз үлесімізді қосуды мақсат етіп, сенбілікке шықтық. Мұндай шараларды спорт мектебімізде жиі ұйымдастырып тұрамыз", - деді Қарлығаш Изанова.

Бұған дейін қаладағы 800-ден астам бизнес субъектілерінің қызметкерлері сенбілікке шыққанын жазғанбыз.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...