
Операция
19:19, 20 апреля 2024 г.
Надежный источник
Алматы облысында тамағына сүйек тұрып қалған нәресте құтқарылды
Операция
Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына 1 жастағы бала тамағына бөгде зат тұрып қалуынан түскен.
Анасының айтуынша, бала үйінде тамақ ішіп отырған кезінде, тамағына сүйек тұрып қалған. Нәресте қабылдау бөлімінде бір топ дәрігердің қарауында болып, консультациядан кейін диагностикалық бронхоскопия жасау туралы шешім қабылданыпты.
"ТМККК шеңберінде қажетті медициналық көмек көрсетілді. Операция алдындағы дайындықтан кейін диагностикалық бронхоскопия жасалды, онда сүйек бөлігі анықталды. Бөтен денені көмейден, дауыс байламдарының астынан аман-есен алып тастады. Жақында науқас аман-есен үйіне шығарылды.
Баланың жоғарғы тыныс жолдарында бөгде зат болған кезде өте ауыр көрінеді. Мұндай науқастар ауруханаға жиі түседі", – дейді дәрігерлер.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің айтуынша, мұндай жағдайлар өңірде жиі кездеседі. Сондықтан мамандар ата-аналарға балаларға мұқият қарауға, қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Айта кетерлігі, елімізде балалар МӘМС шеңберінде тегін емделеді. Олар 15 жеңілдік санатындағы топ қатарына кіреді. Яғни, жарнаны олар үшін мемлекет төлейді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
23:04
Вчера
18:42
Вчера
Қонаев тұрғындары 150 ағаш екті
Экоакция
18:25
Вчера
18:04
Вчера
Интернет-платформа "Батырларға тағзым": сохранение памяти о героях Великой Отечественной войны
Интернет-платформа
16:14
Вчера
12:53
Вчера
13:10
20 апреля
ТОП новости
Спецтема
Объявления
09:20, 15 апреля
live comments feed...
Комментарии