• Главная
  • "Өнегелі ұрпақ": қала әкімі жалғызбасты ананың халін біліп қайтты
Әкім
14:27, 1 мая
Надежный источник

"Өнегелі ұрпақ": қала әкімі жалғызбасты ананың халін біліп қайтты

Әкім

Елімізде "Өнегелі ұрпақ" акциясы жалғасуда. Бүгін 1 мамыр - Бірлік күніне орай және аталған науқан аясында Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов жалғызбасты ананың үйіне барып қайтты.

Валентина әженің жасы 90-да. Осыдан бірнеше жыл бұрын жары қайтыс болған. Қонаев қаласына 1974 жылы көшіп келген. Күйеуі Қапшағай СЭС-та энергетик болса, өзі инженер-құрылысшы болып қызмет атқарған. Ал ҰОС кезінде тыл еңбеккері болған.

Әженің жалғыз ұлы бөлек тұрады. Валентина Марущенко осы жерден көшкісі келмейтінін, әлеуметтік қызметкерлер үнемі көмектесіп жүретінін айтады.

"Өнегелі ұрпақ": қала әкімі жалғызбасты ананың халін біліп қайтты, фото-1

Шаһар басшысы Валентина Марущенкоға гүл сыйлап, азық-түлік себетін табыстады. Әжемен бірге аулаға ағаш екті. Жас еріктілер де тыс қалмай, үйдің ауласын қоқыстан тазартып, шөбін жұлып, тазалық жасады. Әже халін сұрауға келгендерге ақ батасын берді.

"Өнегелі ұрпақ": қала әкімі жалғызбасты ананың халін біліп қайтты, фото-2

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...