• Главная
  • Қонаевта шомылу маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?
Конаев
22:07, 15 мая
Надежный источник

Қонаевта шомылу маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?

Конаев

Қала аумағында шомылуға рұқсат берілген 97 аймақ бар. Былтыр 1 млн-нан астам демалушы келген. Биыл осы межеден асу жоспарланып отыр.

Жалпы шаһар аумағында 140 туризм нысаны орналасқан. Инвестициялық қаржыға бой көтеретін демалыс орындарының саны – 6. Оның 1-еуі биыл қолданысқа беріледі деп жоспарланған, екеуі құрылыс жұмыстарының 1-кезеңін аяқтап, былтырдан бері қызмет етуде. Ал басқа ғимараттар ағымдағы жөндеуден өтуде.

Қонаевта шомылу маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?, фото-1

Қалалық жағажайда 40 кәсіпкер жұмыс жасайтын болады. Жауапты мекеме дәретханалар, 20 қоқыс жәшігін орнатады.

Кәсіпкерлер де өз аумағында әжетхана мен жуынатын орын қоюы қажет.

Қонаевта шомылу маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?, фото-2

Сондай-ақ мұнда ақпараттық баннерлер ілініп, су көлігі тұрағы жасалады, белгіленген аумақта ғана жүзу үшін суға пластик заттар (буи) қойылады.

Жазғы маусымда қауіпсіздікті сақтау мақсатында 50 құтқарушы, 7 жүзу құралы жұмылдырылады.

Қонаевта шомылу маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?, фото-3

Қаладағы туризм саласының дамуы үшін ауқымды іс-шаралар өтеді деп жоспарланған. Мысалы, 2023 жылы "Oceanмan", "Рок фестивалі", "Rock family fast" шарасы өткен.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...