15:23, 11 июня
Надежный источник
Мамандар айтқан кеңеске құлақ түрмегендерге айыппұл салынады
Күн ысыса болды су жағасынан жанына сая іздейтіндер көбейеді. Сәйкесінше, осы уақытта төтенше жағдайлар департаменті мен жедел құтқару қызметінің де жұмысы еселенетіні белгілі.
Қауіпсіздік үшін облыстағы барлық су тоғанының жанынан жылда арнайы жасақ үздіксіз жұмыс жасау үшін жұмылдырылады, деп хабарлайды Qonaev-gorod.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар мұнда кезекпен 24 сағат жұмыс істейді. Мамандар маторлы қайық, құтқару кеудешелерімен және арнайы баллондармен қамтылған.
Ал рұқсат етілмеген аймақтарға суға түскендерге алдымен ескерту жасалады. Мамандар айтқан кеңеске құлақ түрмегендер айыппұл арқалайтынын тағыда еске салғанды жөн көреміз.
Биыл қашықтан бақылау жүйесін Қапшағай су қоймасында орнату жоспарланып, құтқарушылар 30 жүзу құралын пайдаланып су қоймаларын патрульдеуде.
Мамандар суға түсуге тыйым салынған аймақта үнемі рейдтік жұмыстар жүргізіп отырады. Бәрінен бұрын суға түсу алдында спирттік сусын ішу аса қауіпті екенін ескертеді. Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қазірдің өзінде 25 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 374 мың 738 теңге айыппұл салынды. Жыл басынан бері облыстың су айдындарында адам өлімі болған жоқ, 9 адам құтқарылды.
Биыл облыс бойынша облыс әкімдігінің қаулысымен суда демалуға арналған 103 орын белгіленді, оның ішінде 7 коммуналдық жағажайлар бар.
Алматы облысының әкімдігі Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп қазірдің өзінде су қоймаларын түгендеп, қауіпті аймақтарға 400-ден астам қауіпсіздік белгілерін орнатты, оның 189-ы тыйым салу белгілері.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Традиционное боевое искусство Юго-Восточной Азии
Пенчак силат
14:39
16:01
21 ноября
12:24
21 ноября
15:31
20 ноября
12:24
20 ноября
ТОП новости
Назначен новый аким Илийского района
Назначение
Спецтема
Объявления
12:46, 10 ноября
10:23, 14 ноября
20
10:23, 14 ноября
27
live comments feed...
Комментарии