• Главная
  • Алматы облысының колонияларында кәсіпкерлерге ашық есік күнің өткізді
23:29, 8 августа
Надежный источник

Алматы облысының колонияларында кәсіпкерлерге ашық есік күнің өткізді

Бүгінгі таңда, Алматы облысы мекемелерінің өндірісінде 50-ге жуық жеке кәсіпкерлік жұмыс істейді, онда 1600-ден астам сотталған адам жұмыс атқаруда.

Бұл ретте, объектілердің тозуын ескере отырып, бизнес субъектілерін толыққанды тарту қиынға соғады. Бұл міндетті шешу үшін әкімдіктермен, "Атамекен" Ұлттық палатасының филиалдарымен және мамандандырылған прокуратурамен бірлескен қызмет белсенді жүргізілуде.

Алматы облысының колонияларында кәсіпкерлерге ашық есік күнің өткізді, фото-1

ҚАЖД сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобы №57 және №10 мекемелерде шағын орта бизнес өкілдері үшін "Ашық есік күнін" ұйымдастырып, өткізді. Іс-шара "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы мен Алматы облысының мамандандырылған прокуратурасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ҚАЖД СЕҰТ бас маманы әділет подполковнигі Сандуғаш Ереулиеваның, кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеевтің, мамандандырылған прокуратура өкілдерінің сүйемелдеуімен №57 және №10 мекемелердің өнеркәсіптік аймағын, жұмыс істеп тұрған объектілері мен бос үй-жайларын кәсіпкерлермен аралау жүзеге асырылды.

Алматы облысының колонияларында кәсіпкерлерге ашық есік күнің өткізді, фото-2

Сонымен қатар, СЕҰБ қызметкерлерінің мекемелерге баруы кезінде ШОБ өкілдеріне өнеркәсіптік аймақта жұмыс істейтін кәсіпкерлердің дайын өнімдерінің көрмесі өткізілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...