17:38, Сегодня
Надежный источник
Кегенде МӘМС есебінен 12 млн теңгеге жуық қаржыға науқас балалар оңалтудан өтті
Жыл басынан Кегендегі аудандық ауруханасына қарасты оңалту орталығында 12 млн теңгеге жуық қаржыға 60-қа тарта бала тегін емдеуден өтті.
Мұндай мүмкіндік денсаулығында кінәраты бар жеткіншектерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қолжетімді болып отыр. Орталықта жүйке жүйесі, тірек-қимыл аппараты бұзылған, жүрек, өкпе мен тыныс алу жолдарында ақауы бар науқастар емделеді. Балалар портал арқылы қабылданып, орталықта ата-аналарымен бірге уақыт өткізеді.
"Үш қыздың анасымын. Тұңғышым церебральды сал ауруының жеңіл түріне шалдыққан. Орталықта жетінші күні ем алып жатырмыз. Нәтижесі жақсы. МӘМС арқылы портал бойынша 15 күнге келдік. Диагнозына байланысты барлық медициналық көмекті алып жатыр. Өзіне массаж, ванна кабинеттері ұнайды. Енді әр үш ай сайын оңалтудан өтіп тұрамыз", - дейді сұхбат барысында аудан тұрғыны Гүлдана Жақсылықова.
Бұл мекеме осы жылдың тамыз айында іске қосылған. 240 млн теңгеге қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліпті. Олардың ішінде мүгедектерге арналған арбалар, иппотерапия тренажеры және физио, эрго, жарық сынды терапияларды қамтитын құрылғылар, әртүрлі ойыншықтармен жабдықталған.
Жалпы орталық жыл сайын Қазақстан бойынша 600-ге тарта емделушіні қабылдауға әзір. Аудандық аурухананың медицина қызметкерлері "Қазақстан Халқына" қоғамдық қорының демеушілігімен балалар оңалту орталығына орнатылған аппараттарды қолдану жөнінде оқытудан және нұсқамадан өткізілді.
"Бұл балалар оңалту орталығы жалпы 25 төсек-орындық. Тәулік бойы стационар бар және 5 төсек күндізгі стационар және амбулаторлық түрде науқастарды қабылдауға арналған. Орталық ашылған кезде Кеген, Ұйғыр, Райымбек аудандарындағы оңалтуды қажет ететін балаларға арналған болатын. Яғни 3 ауданды қоса алғанда 450-ге тарта жеткіншекті оңалтуды қажет ететін балалар бар.
Бұрын соңды мұндай мүмкіндік аудан аумағында жоқ болатын. Ерекше балалар Астана, Алматы сынды ірі қалаларға жіберілетін. Қазірде Кегенде демеушілер көмегімен керемет орталығымыз ашылып, балалар портал арқылы тегін ем қабылдап жатыр. Бұл МӘМС жүйесінің жетістігі, мүмкіндігі деп білеміз", - дейді Кеген аудандық ауруханасының директоры Алмас Тілеулиев.
Оңалту орталығында 2 балалар невропатологі, 2 реабилитолог, 8 емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, 2 эрготерапевт, 1 психолог, 4 логопед, 3 дефектолог мамандар жұмыс істейді. Олар "Қамқорлық" қорының демеушілігімен Астана қаласындағы Балалар реабилитациясы ғылыми оталығында білімдерін жетілдірген.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:31
Вчера
12:24
Вчера
Казахстан запустил первый лесоклиматический проект
Углеродные поглощения
22:34
19 ноября
22:12
19 ноября
ТОП новости
Спецтема
Объявления
15:47, 8 ноября
10:23, 14 ноября
20
10:23, 14 ноября
live comments feed...
Комментарии