13:45, Сегодня
Надежный источник
Колонияларда бизнесті дамыту тиімді
Сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында Алматы облысы ҚАЖ мекемелерінің өндірістік объектілеріне бизнес өкілдерін тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде, сондай – ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау мақсатында ҚАЖ мекемелерінің аумағында жаңа өндірістерді іске қосу және сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін шағын және орта бизнесті тарту бойынша жұмыстар атқарылуда.
Кешенді жұмыстардың нәтижесінде, №57 мекемеде "Nat Group" еншілес компаниясы болып табылатын "Nat Invest" ірі ЖШС ашылды. Кәсіпорын корпустық жиһаз өндіру және ағаш өңдеу жобасын іске асыруда. ЖШС ашылуымен 30 сотталушы жұмысқа орналастырылды.
Жұмыс орындарын 50 орынға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сондай-ақ, бірлескен жоба аясында "Nat Partners" ЖШС тігін өндірісі іске қосылды, онда 16 сотталушы жұмысқа орналастырылды.
"Қазіргі уақытта Алматы облысы ҚАЖ мекемелерінің өнеркәсіптік аймақтарында 30-дан астам жеке кәсіпкерлік пен жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді және 1500 мыңға жуық сотталушы жұмысқа орналастырылған. Мекемелерде бизнес ашу кәсіпкерлер үшін тиімді",- деп атап өтті ҚАЖ департаментінің басшысы әділет полковнигі Бақытжан Шәріпбеков.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Готовность региона к отопительному сезону
Отопительный сезон
14:20
23 незаконные стройки: ГАСК Алматинской области подвел итоги месяца
Незаконное строительство
10:54
ТОП новости
Назначен новый аким Илийского района
Назначение
Казахстан запустил первый лесоклиматический проект
Углеродные поглощения
Спецтема
Объявления
10:23, 14 ноября
27
10:23, 14 ноября
20
02:50, 24 ноября
10:23, 14 ноября
live comments feed...
Комментарии