
Экоакция
13:05, 17 февраля
Надежный источник
"Таза Қазақстан": Қонаевта 7,6 гектар қамыс шабылды
Экоакция
Қонаев қаласында қамысты орып, шеткі аудандарды қоқыстан тазартуға аса көңіл бөлінуде.
Сенбі күні әкімдіктің барлық мемлекеттік қызметшілері, коммуналдық қызмет көрсетуші компания мамандары, еріктілер "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында сенбілікке шықты. Шараға 80-нен астам адам қатысты. Олар Арна шағынауданында қамысты орды.

Жалпы күнделікті қамысты орумен "Жасыл қала Қонаев" ШЖҚ МКК айналысуда.
Айта кетейік, қаладан күніне 5-7 текше метр қоқыс шығарылуда. Сондай-ақ тұрғындардан тазалық мәдениетін сақтауға, белгіленбеген орынға қоқыс тастамауды сұраймыз.

Статистикаға сүйенсек, жыл басынан Қонаев полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сай, 133 тұлғаға қатысты хаттама толтырып, 10 адамға 589 800 тг көлемінде айыппұл салған.
Бұдан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабына (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) сәйкес, 43 адамға 1 135 480 тг. айыппұл салынған.
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
10:58
Вчера
Беларусь и Алматинская область укрепляют партнерство
Сотрудничество
22:29
15 марта
20:21
15 марта
Диалог с жителями: аким Конаева обсудил актуальные вопросы города
Встреча с населением
18:30
15 марта
18:19
15 марта
В Конаеве открылся первый официальный дилерский центр Hyundai
Новости компаний
14:14
15 марта
Спецтема
Объявления
12:06, 10 марта
11:51, 4 марта
live comments feed...
Комментарии