• Главная
  • "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық айлығы қарқынды түрде аудандар да жалғасын табуда
Экоакция
11:55, Вчера
Надежный источник

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық айлығы қарқынды түрде аудандар да жалғасын табуда

Экоакция
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық айлығы қарқынды түрде аудандар да жалғасын табуда, фото-1

Айта кету керек, республикалық акция "Таза өлке", "Киелі мекен", "Жасыл аймақ", "Мөлдір бұлақ" тақырыптарына арналған іс-шаралар болып өтіп тұрмақ.

Бүгін соның ішіндегі "Жасыл аймақ" науқанына Алматы облысының ТЖД қызметкерлері мен аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары қатысып, өз үлестерін қосуда.

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық айлығы қарқынды түрде аудандар да жалғасын табуда, фото-2

Мәселен, департамент басшысы Оразбеков Дәурен Дәулетқанұлының бастамасымен Талғар ауданындағы Қайнар ауылдық округі, Жаңалық ауылы, "Қайрат" индустриалдық аумағы 14-ші өрт сөндіру бөлімінің аумағында 16 қызметкердің қатысуымен 90-ғі жуық ағаш түрлері егіліп, суғарылды.

"Таза Қазақстан" айлығы – тек бір рет қана өткізіліп қоятын сенбілік емес, табиғат ананы қорғап, сау қоршаған ортаны қалыптастыру, соған саналы түрде бәріміз ат салысып, өскелең ұрпаққа тәрбие көрсетуіміз қажет. Сонда өлкеміздің тазаруына мейлінше орасан зор үлес қоса аламыз",- дейді, Дәурен Дәулетқанұлы.

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық айлығы қарқынды түрде аудандар да жалғасын табуда, фото-3

Сонымен қатар аталмыш акция Еңбекшіқазақ ауданында жалғасты. Өңірдің № 3 өрт сөндіру бөлімінің ауласына төтенше жағдайлар саласына сүбелі үлес қосқан ардагерлермен бірге департамент басшысы алма көшет ағаштарын отырғызды.

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық айлығы қарқынды түрде аудандар да жалғасын табуда, фото-4

Егілген әр шыбық талының жанына арнайы тақтайшалар қойылды. Бұдан кейін сенбілікке қатысушылар талдарды ағартып, маңайдағы ағаштарды суғарып, түптеу жұмыстарын жүргізді.

Ал, Төтенше жағдайлар департаментінің аппараты Қонаев қаласындағы "Шошқалы сай" аумағын қоқыстардан арылтып, қатты қалдықтарды тазалап шықты.

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық айлығы қарқынды түрде аудандар да жалғасын табуда, фото-5

Жалпы облыс бойынша тазалық айына 200-ден астам қызметкер қатысып, 120-ға жуық ағаш, 3 тонна және қоқыс шығарылып, 10 техника жұмылдырылған.

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...