
Конаев
21:06, 15 декабря 2023 г.
Надежный источник
Қонаевта желтоқсаншылар монументі бой көтереді
Конаев
Бүгін Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев Тәуелсіздік күніне орай, желтоқсаншылармен кездесті, деп хабарлайды Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында шаһар басшысы еліміздің бүгінгі жетістігі еңселі егемендіктің арқасы екенін айтты.
"Жақында Түркияға іссапарамен барып келдім. Шетелдегі әріптестер бізді «Атажұрттан келдіңдер» деп, аса құрметпен қарсы алды. Алдағы уақытта келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Сонау 1986 жылдан бері 37 жыл өтсе де, 16 желтоқсан ел есінде әлі жаңғырып тұр. Ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды", - деді Нұрлан Құматаев.
Сонымен қатар ол Қонаев қаласы – Алматы облысының орталығы болғалы орын алған өзгерістер, алдағы жоспарлар жайлы сөз етті.

"Биыл қаланың Бас жоспары бекітілді. Жалпы қалада 189 іс-шара өтеді деп жоспарланған. Оның ішінде тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салу, инженерлік желілерді тарту, жаңа жолдар салу секілді шаралар бар. Шаһарда 6 мектеп, 3 денсаулық сақтау нысаны, спорттық-сауықтыру кешені, спорт кешені, мұз айдыны, медиа орталық, сауда-ойын-сауық кешендері және т.б. ғимараттар бой көтермек. Қаланың дамуы да, елдегі тұрақтылық та, барлығы – бостандықтың арқасы", – деді қала әкімі.
Жиынға қатысушылар болса, желтоқсаншыларға арнап монумент тұрғызылуы керек екенін айтып, ұсыныс тастады.
"Біздің қалада облысымыздың символы – Барыс мүсіні қойылған. Одан бөлек, бірнеше тұлғаларымыздың муралдары, ескерткіштері бар. Биыл Жеңіс паркі күрделі жөндеуден өтті. Тарихтан сыр шертетін мұралардың болғаны, әрине, дұрыс. Сіздердің ұсыныстарыңыз жайында көптен бері ойланып, жер қарастырып жүрміз. Келешектің еншісіндегі жоспарда қарастырылған", – деді шаһар басшысы.
Басқосу соңында желтоқсаншылар кездесу ұйымдастырғаны үшін қала әкіміне алғыстарын жеткізді. Ал Нұрлан Құматаев оларға арнайы сый-сияпат, гүл шоқтарын табыс етті.

Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
22:47
Торжественное открытие спортивного проекта "Алатау лига-2025"
Алатау лига-2025
20:17
inDrive масштабно обновляется в Казахстане
Новости компаний
18:06
Объединяя лидеров: Ассоциация деловых женщин расширяет границы в Алматинской области
Деловые женщины
23:20
Вчера
Чемпионат Азии по аударыспаку: шесть золотых медалей из шести завоевала сборная Казахстана
Аударыспак
22:24
Вчера
ТОП новости
Спецтема
Объявления
09:20, 15 апреля
live comments feed...
Комментарии