
20:39, Вчера
Надежный источник
Алматы облысында "Ауылға кітап" жобасы жалғасын тапты

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасы аясында, жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Алматы облысында "Ауылға кітап" жобасы екінші жыл қатарынан іске асырылуда.
Жоба шеңберінде шалғайдағы ауыл мектептері мен жастар орталықтарына соңғы шыққан әдеби және танымдық туындылар демеушілер көмегімен тегін таратылуда.

Өткен жылы демеушілік қолдаумен жалпы құны 10 миллион теңгеге 1000 дана кітап ауыл кітапханаларына жөнелтілсе, биыл 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, құны 2 миллион теңгеге бағаланған 600 кітап Балқаш, Кеген және Райымбек аудандарындағы жаңа ашылған жастар орталықтарына табысталды.
Игі бастамаға қолдау көрсеткен – М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.

Сыйға берілетін кітаптардың арасында қазақ руханияты мен мәдениеті үшін құнды еңбектер бар. Атап айтқанда, "Жыраулар поэзиясы", "Ұлы дала ойындары", "Алпамыс батыр", "Абай", "Мұхтар Әуезов", "Алаш қайраткерлері және ұлттық фольклор" сынды танымал еңбектер қамтылған.
Салтанатты шараның негізгі мақсаты – ауыл жастарының кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық болмыс пен танымды қалыптастыруға жол ашу.
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
22:47
Вчера
Торжественное открытие спортивного проекта "Алатау лига-2025"
Алатау лига-2025
20:17
Вчера
18:43
Вчера
inDrive масштабно обновляется в Казахстане
Новости компаний
18:06
Вчера
17:40
Вчера
Объединяя лидеров: Ассоциация деловых женщин расширяет границы в Алматинской области
Деловые женщины
23:20
22 апреля
Чемпионат Азии по аударыспаку: шесть золотых медалей из шести завоевала сборная Казахстана
Аударыспак
22:24
22 апреля
ТОП новости
Спецтема
Объявления
09:20, 15 апреля
live comments feed...
Комментарии