• Главная
  • "Тазалық – саулық кепілі" - Қонаев тұрғыны
17:24, 10 апреля
Надежный источник

"Тазалық – саулық кепілі" - Қонаев тұрғыны

Елімізде "Таза Қазақстан" экологиялық науқаны бастау алды. Қонаев тұрғындары тазалық акциясына білек сыбана қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

"Тазалық – саулық кепілі. Сондықтан жан-жағымызды таза сақтау арқылы денсаулығымызды нығайтуға болады. Әр жерде шашылып жатқан қоқыстар түрлі инфекциялық ауру тудыруы мүмкін. Бұл бізге, қарттарға ғана емес, келешек ұрпақтың әлсіз болып өсуіне ықпал етеді", – деді Қонаев қаласының Құрметті азаматы Амангелді Беспаев.

Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Жансұлтан Оңалбаев та өз пікірін білдіріп, тұрғындарды науқан барысында белсенді болуға шақырды.

"Бұл акция бес аптаға жалғасады. Тұрғындарды белсенді болуға шақырамыз. Қаланың тазалығына жауапты мекемелер үздіксіз қызмет атқаруда. Алайда, туған жерді аялап, тыныс-тіршілігіне қатысу да маңызды екенін ұмытпағанымыз абзал. Әсіресе, балалардың аға буыннан үлгі алғаны абзал. Акция аясында аулалар тазаланып, ағаштар егіліп, әктеледі, мәдени мұраларымыздың аумағы тазартылады", - деді қала әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қонаевта бірнеше рет сенбілік ұйымдастырылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...