• Главная
  • Қонаевта 800-ден астам бизнес нысандары эконауқанға қатысты
Экоакция
13:23, 12 апреля
Надежный источник

Қонаевта 800-ден астам бизнес нысандары эконауқанға қатысты

Экоакция
Қонаевта 800-ден астам бизнес нысандары эконауқанға қатысты

Алматы облысының орталығында "Таза өлке" эконауқаны кең ауқымда өтіп жатыр.

Бүгін Қонаевтағы 800-ден астам бизнес нысандары өз аумақтарын тазалап, шаһар келбетінің жарқын болуына үлестерін қосты.

Қонаевта 800-ден астам бизнес нысандары эконауқанға қатысты, фото-1

Олардың қатарында "Bagashar meken" ЖШС, "Acrylate" ЖШС, Құрама жем зауыты, "Қапшағай жылу" мекемесі, "Қапшағай өңірлік газ желілері" ЖШС, "Агрофит" ЖШС секілді ірі кәсіпорындар мен дәмханалар, мейрамханалар, дүңгіршектер мен дүкендер бар.

Қонаевта 800-ден астам бизнес нысандары эконауқанға қатысты, фото-2

Қызметкерлер тек өз аумақтарын тазартып қана қоймай, іргелес көшелерді де жинады. Жалпы бүгін сенбілікке 2000-ға жуық адам қатысып, 116 қап қоқыс шығарды.

Сондай-ақ кәсіпкерлер қала тұрғындарын үнемі тазалық сақтап, табиғатты күтіп ұстауға шақырды.

Қонаевта 800-ден астам бизнес нысандары эконауқанға қатысты, фото-3
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...