Казахстанские аптеки смогут работать с маркированными лекарствами без компьютеров
Мобильное приложение
15:45
Вчера
Қазіргі таңда елімізде "Таза Қазақстан" эконауқаны өтіп жатыр. Науқанға Қонаевтағы 12, 12А, 12В, Арна шағын аудандарының халқы белсенді қатысып, көшелерді қоқыстан тазартты.
Солардың қатарында 6 жасар балақай Нұрали Сұңқарұлы да болды. Тырмамен қураған шөпті тазалаған бала жұртты сүйсінтті. Айтуынша, ол сенбілікке достарымен бірге келген.
Журналистің не істеп жүрсің деген сұрағына балақай "мусор жинап жүрмін" - деп жауап берді. Ал не үшін келгенін тазалыққа деп түсіндірді.
Жалпы бүгін акцияға 200 адам қатысып, 70 қап қоқыс шығарды. Аталған науқан 5 аптаға жалғаспақ.
Комментарии