• Главная
  • 25 мамырда шетел азаматтарына көші-қон желісі бойынша кейбір қызметтер қолжетімсіз болады
19:44, 24 мая
Надежный источник

25 мамырда шетел азаматтарына көші-қон желісі бойынша кейбір қызметтер қолжетімсіз болады

Құзырлы органның тарапындағы ақпараттық жүйелерде жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сенбі күні шетелдік азаматтарға кезекші ХҚКО-лар мен көші-қон қызметтері орталықтарында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

Сондықтан, 25 мамыр күні келесі мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз:

  • Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру;
  • Еңбекші иммигрантына рұқсат беру, мерзімін ұзарту және кері қайтарып алу;
  • Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру.

Бұл қызметтерді көрсету 27 мамырда қайта жанданатын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...