• Главная
  • Жауғаштыдағы сотталған әйелдерді қабылдау іс-шарасы өткізілді
ДУИС
18:02, 31 мая
Надежный источник

Жауғаштыдағы сотталған әйелдерді қабылдау іс-шарасы өткізілді

ДУИС
Жауғаштыдағы сотталған әйелдерді қабылдау іс-шарасы өткізілді, фото-1

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №10 мекемесіндегі сотталған әйелдерді лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауы ұйымдастырылды.

Іс-шарада ҚАЖ Департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, оның орынбасары әділет полковнигі Бакытжан Шарипбеков, мекемелердегі қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратурасының прокуроры Бақұстар Қыдырбаев, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы облысы бойынша өкілі Эльбрус Сұлтанқұлов, Қоғамдық бақылау комиссия төрағасы Ардақ Жанабилова, ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік жедел қызметкері, сонымен қатар Іле аудандық ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Ысқақ әйелдерді жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Сұрақтар негізінен медициналық қызмет көрсету және жаза өтеу шарттарына қатысты болды. Барлық өтініштер бойынша құқықтық сипаттағы түсініктемелер, толық жауаптар мен ұсынымдар берілді.

Проблемалық мәселелерді қарау кезінде белгілі бір шешімдер қабылданып, мекеме әкімшілігі үшін міндеттер қойылды.

Одан басқа, ҚАЖД бастығының орынбасары, мамандандырылған прокурор және өзіндік қауіпсіздік жедел қызметкерінің қатысуларымен тұрғын-жәйларды аралау өткізілді. Жасақтарды аралау барысында сотталған әйелдермен сұхбат жүргізілді.

"Жеке қабылдауға қатысты іс-шаралар апта сайын өткізіледі. Сотталған азаматтар өз сауалдарымен өтініштеріне толық жауап алу үшін біз арнайы әр саланың мамандарын шақырамыз", - деп атап өтті Қайрат Дәлбеков.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...