Конаев
16:32, 5 июня
Надежный источник
Алматы облысында "Есірткіге жол жоқ" айлығы бастау алды
Конаев
Акция аясында 26 мамыр мен 26 маусым аралығында нашақорлыққа қарсы күрес бағытына арналған кешенді іс-шаралар ұйымдастырылады.
Айлық ішінде барлық құзіретті органдар бірлесе облыс бойынша есірткіні қолдануға шақыратын жазбаларды өшіру, жарнамаларын жою, өскелең жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру жұмыстарын жүргізетін болады. Алғашқысы бүгін Қонаев қаласында өткізілді. Мұндай шара облысқа қарасты өзге аудандарда да басталды.
"Акцияның басты мақсаты - Алматы облысында ғимараттарға салынған, қауіпті жайттарға, есірткі тұтынуға итермелейтін түрлі сурет пен жазуларды анықтап, олардың көзі жою. Өскелең жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жаман әдеттерден сақтау", - дейді Алматы облыстық Жастар басқармасының басшысы Мәди Ахметов.
Жалпы шара Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы, Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Прокуратура және Білім басқармасы өкілдерімен бірлесе өткізілді.
Бүгін, Қонаев қаласы бойынша аталған жұмысқа 100 волонтер қатысып, 800-ге жуық жазбаларды өшірсе, ал жалпы облыс бойынша 5 мың ерікті өз үлестерін қосты.
Сондай-ақ, шара аясында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары еріктілерге арнап шеберлік сағаттарын жүргізді.
Алматы облыстық Жастар басқармасының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Казахстанские аптеки смогут работать с маркированными лекарствами без компьютеров
Мобильное приложение
15:45
11:30
19:15
Вчера
Традиционное боевое искусство Юго-Восточной Азии
Пенчак силат
14:39
Вчера
16:01
21 ноября
12:24
21 ноября
ТОП новости
Казахстан запустил первый лесоклиматический проект
Углеродные поглощения
Спецтема
Объявления
10:23, 14 ноября
27
10:23, 14 ноября
20
10:23, 14 ноября
12:46, 10 ноября
live comments feed...
Комментарии