Экоакция
11:57, 7 июня
Надежный источник
Алматы облысында "Таза бейсенбі" акциясы бастау алды
Экоакция
Акцияның алғашқы күнінде өңірдегі 3 мыңнан астам аманаттық қатысты.
"AMANAT" партия тазалық мәдениетін қалыптастыратын "Таза бейсенбі" жобасын қолға алды. Бұл акция елдімекендер аумағын қоқыстан тазартуға, абаттандыру мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
Мәселен, бүгін акция аясында Іле ауданына қарасты Байсерке ауылының 200-ге жуық азаматы таңертеңнен түске дейін көше бойын тазартып, 40 тоннадан астам қоқыс шығарды.
"Бүгін ауқымды шара өтіп жатыр. Аманаттықтардың ұйытқы болуымен басталған бұл акцияны "Таза Қазақстан" жобасының жалғасы деп білемін. Алдағы уақытта да тәртіп пен тазалықты сақтауға бағытталған бұл істі жалғастыруымыз қажет", - дейді Байсерке ауылдық округінің ақсақалдар алқасысының мүшесі Хамит Абдин.
Ал облыстық партия филиалының төрағасы Қуат Байғожаевтың айтуынша, еліміздің тазалығы мен әсем табиғатына қамқорлық жасайтын экологиялық қоғам құруымыз қажет.
"AMANAT" жетекші партия ретінде тазалық мәдениетін қалыптастыратын "Таза бейсенбі" жобасын қолға алып отыр. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізілмек. Мәселен, бүгінгі шараға облыс бойынша 3 мыңнан аса тұрғын акцияға қатысуда. Біз қоғамдағы вандализмнің көріністеріне төзбейтін заң мен тәртіптің үстемдігі қағидатына сәйкес келетін саналы қоғам құруымыз керек", – дейді Қуат Байғоджаев.
Айта кету керек, партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін барлық аудан орталықтарындағы және Қонаев қаласында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою міндеті тұр.
Онымен қоса, өңірде полигон және кешенді қоқыс тиеу мен сұрыптау төрт алаңы салынбақ. Сондай-ақ барлық ауылдарда қоқысты бөлек сұрыптауға және құрамындасынап бар қалдықтарды жинауға арналған кемінде 1 мың контейнер орнатылады.
"AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Казахстанские аптеки смогут работать с маркированными лекарствами без компьютеров
Мобильное приложение
15:45
Вчера
11:30
Вчера
Качественная питьевая вода для каждого: как Алматинская область улучшает водопроводную инфраструктуру
Водоснабжение
11:05
Вчера
19:15
22 ноября
Традиционное боевое искусство Юго-Восточной Азии
Пенчак силат
14:39
22 ноября
16:01
21 ноября
12:24
21 ноября
ТОП новости
Казахстан запустил первый лесоклиматический проект
Углеродные поглощения
Спецтема
Объявления
10:23, 14 ноября
02:50, Сегодня
10:23, 14 ноября
20
12:46, 10 ноября
live comments feed...
Комментарии