• Главная
  • Алматы облысында 200 ерекше балаға арналған инклюзивті лагерь жұмысын бастады
18:48, 10 июня
Надежный источник

Алматы облысында 200 ерекше балаға арналған инклюзивті лагерь жұмысын бастады

Алматы облысында 200 ерекше балаға арналған инклюзивті лагерь жұмысын бастады, фото-1

10 маусымда ерекше балалар мен жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына арналған "All ability Camp" спорттық-мотивациялық лагерінің салтанатты ашылуы өтті.

Жобаға Қазақстанның барлық өңірінен 200 бала қатысады. Ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев, "Samruk-Kazyna Trust" қорының бас директоры Альфия Адиева, жеңіл атлетикадан Әлем чемпионы Айдана Сиязова, сондай-ақ қоғам өкілдері, параспортшылар мен журналистер қатысты.

Жоба мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді спортқа белсенді тарту, олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету. Лагерь қатысушылары 7 күн бойы Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағасында 5 кәсіби жаттықтырушының жетекшілігімен бочча, теннис, футбол, корнхол және садақ ату сияқты бейімделген спорт түрлерімен айналысатын болады. Сонымен қатар, олар өмірге құлшынысты арттыру дәрістері мен ойындарына қатысады.

Жобаның ерекшеліктерінің бірі оның мүгедектігі бар балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына да бағытталуы, атап айтқанда, тренингтер мен семинарлар, белсенді демалыс ұйымдастыру арқылы олардың өмірге ынта-жігерін арттыру болып табылады. Ата-аналар үшін психологтармен арнайы сессиялар ұйымдастырылды. Сессиялар барысында ата-аналар тьютерлер мен еріктілердің сүйемелдеуімен саналуан шығармашылық, танымдық, дамытатын іс-шаралармен, арт-терапиямен және музыкалық терапиямен қамтылады.

Алматы облысында 200 ерекше балаға арналған инклюзивті лагерь жұмысын бастады, фото-2

"Мен "All ability Camp" жобасы жақсы дәстүрге айналғанын және оны екінші жыл қатарынан жалғастырып келе жатқанымызды атап өтуге қуаныштымын. Жобаға қатысу балалар мен ата-аналарды өз жолын бастауға және болашаққа дайындауға көмектеседі. Жалпы, Қорымыздың қызметі инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған. Қазіргі уақытта 38 оңалту орталығы ашылып, 23 қалада 1000-нан астам бала айналысатын бейімделген спорт секциялары жұмыс істейді.

Жақында инклюзия саласындағы 100-ден астам сарапшыны оқытуды аяқтадық. Сондай-ақ, жақын арада 180 мүмкіндігі шектеулі адам оқытудан өтіп, сұранысқа ие IT мамандықтар аясында жұмысқа орналасуда көмек алады.

Сондай-ақ, Астананың 10 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттерін құруды жоспарлап отырмыз. Бұл жобалардың барлығы бірін-бірі толықтыруда", - деп атап өтті "Samruk-Kazyna Trust" КҚ бас директоры, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Альфия Адиева.

Жобаға қатысушылар "Таза Қазақстан" акциясы аясында "Самұрық-Қазына" қорының экологиялық бастамасына қосылуға ниетті: дәріскерлермен мен ата-аналар әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі өз көзқарастарын ұсынады.

Алматы облысында 200 ерекше балаға арналған инклюзивті лагерь жұмысын бастады, фото-3

Жоба инклюзивті қоғамды дамыту шеңберінде "Самұрық-Қазына" АҚ бірыңғай қайырымдылық операторы "Samruk-KazynaTrust" қорының қолдауымен, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен серіктестікте іске асырылуда.

Еске сала кетейік, 2023 жылы "All ability Camp" лагері тырнақалды тәртіпте жұмыс істей бастап, түрлі диагнозы бар 200 бала мен 200 ата-ана қамтылған 4 кезеңге созылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...