• Главная
  • "Таза Қазақстан": Қонаевта аптасына 600 тонна қоқыс шығарылады
Экоакция
15:02, 19 июня
Надежный источник

"Таза Қазақстан": Қонаевта аптасына 600 тонна қоқыс шығарылады

Экоакция
"Таза Қазақстан": Қонаевта аптасына 600 тонна қоқыс шығарылады, фото-1

Қонаевта республикалық "Таза Қазақстан" эконауқаны жалғасуда. Науқан аясында қаланы қоқыстан тазарту жұмыстары қарқынды жүруде.

ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, аптасына қаладан 600 тонна қатты қалдықтар шығарылады.

"Шомылу маусымының басталуына байланысты қалада туристер ағыны өте көп. Барлық күшті жағажайларды тазалауға жұмсап жатырмыз.

Мысалы, қалалық №7 жағажайдың өзінде 59 қоқыс жәшігі орнатылған. Күніне 90 тонна қалдық шығарылады. Ал қаланың ішінен күнделікті 10-12 тонна қоқыс жиналады", – деді ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Асхат Жексенбек.

"Таза Қазақстан": Қонаевта аптасына 600 тонна қоқыс шығарылады, фото-2

Сондай-ақ парктер мен скверлер де үнемі тазалануда. Өткен аптада бір күннің ішінде 12 шақырым арық тазартылды. Қосымша ағаштарды санитарлы кесу жұмыстары жүруде. Тазалыққа күнделікті 120 адам, 14 техника жұмылдырылып жатыр.

"Таза Қазақстан": Қонаевта аптасына 600 тонна қоқыс шығарылады, фото-3

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...