• Главная
  • Жоғары технологияның көмегімен 9 млн теңгенің отасы МӘМС есебінен тегін жасалды
14:24, 2 июля
Надежный источник

Жоғары технологияның көмегімен 9 млн теңгенің отасы МӘМС есебінен тегін жасалды

Жоғары технологияның көмегімен 9 млн теңгенің отасы МӘМС есебінен тегін жасалды, фото-1

Алматы облысына қарасты Қарасай аудандық орталық ауруханасында жыл басынан бері жүрек ауруларына байланысты 500-ден аса шұғыл және жоспарлы түрде күрделі оталар жасалған.

Мұнда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру нәтижесінде науқастар тегіс тегін ем қабылдапты.

Мекемеде эндоваскулярлық хирургия бөлімі 2022 жылы ашылған. Соңғы үлгідегі ангиограф аппараты да қойылған. Бүгінде жедел коронарлы синдром диагнозымен келіп түсетін науқастарға тиімді деңгейде көмек көрсетіп отыр. Яғни әртүрлі деңгейдегі инфаркт немесе инсултьпен түскен пациенттерге жоспарлы ота жасалады.

"2023 жылы 750 ге жуық ота жасадық. Жыл басынан 500 ден аса операция жасадық. Өйткені Қарасай ауданында 350 мыңға жуық тұрғын болса, біз тағы Жамбыл ауданынан да азаматтарды қабылдап жатырмыз", - дейді Қарасай ауданы клиникалық көп бейінді орталық ауруханасы эндоваскулярлық хирургия бөлімінің меңгерушісі Орынбасар Тайманұлы.

Міне осындай жедел отаның көмегімен ажал аузынан аман қалған жанның бірі 76 жастағы Қаскелең қаласының тұрғыны - Бахран Дүйсенова. Кейуанаға "созылмалы жүрек шамасыздығы" деген диагнозы қайылыпты.

"Мен келгенде өте нашар болып түстім. Аяғымды баса алмаймын. Жүрегім қатты дірілдеді. Содан дәрігерлер жақсы, тез қабылдап емдеді. Қазір міне жақсымын аяққа тұрдым", - дейді аудан тұрғыны Бахран Дүйсенова.

Ақжаулықты ана дәрігерлердің отаға дер кезінде кіріскеніне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың да себі тиді деп отыр. Ақхалаттылардың айтуынша жалпы құны 9 милион теңгеден асатын операция ол кісіге тегін жасалыпты.

"Бұл апамызға сиердити аппатаратын орнаттық. Бұл ем міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының негізінде жоғары технологиялық көмекті қолдана отырып, операция тегін жасалды. Ал бұл отаның жалпы құнын есептегенде 9 миллион теңгенің шамасын құрайды", - дейді дәрігер.

Айта кетсек, Қарасай ауданында ӘМСҚ қорымен келісімшартқа отырған жекеменшік мекемелер де бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

live comments feed...