• Главная
  • Жарты жыл өздігінен емделіп, жүрегінде ақау барын білмеген
22:45, 19 июля
Надежный источник

Жарты жыл өздігінен емделіп, жүрегінде ақау барын білмеген

Жарты жыл өздігінен емделіп, жүрегінде ақау барын білмеген, фото-1

Жамбыл ауданының дәрігерлері 6 ай бойы емін таппаған науқастың жүрек ақауы бар деген күдігі расталып, ауруын дәл анықтаған.

31 жастағы аудан тұрғыны ауруы асқынған шағында жергілікті Жамбыл аудандық ауруханасына жүгінген. Мұнда терапия бөлімінің меңгерушісі әйелді 2 апта бойы емдеп, Бак эндокардит дертіне шалдығуы мүмкін деген күдікпен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иститутына жолдамамен жіберген.

"Зерттеулерден кейін Алматыдағы медициналық мекеме менің Жамбыл ауданының дәрігерлері қойған диагнозды растады. Бірден ота жасады. 20 күндей оңалту шараларынан өттім. Ай сайын МӘМС-ке жарнамды төлеп отырамын. Сондықтан барлық зерттеулер, дәрі-дәрмектер тегін болды. Бірде бір препарат сатып алмадым. Уақытында төлеп отырған сақтандыруымның қызығын көрдім", - дейді науқас Қымбат Амуралиева.

Қазірде науқас дәрігерлердің қатаң бақылауында. Жамбыл аудандық ауруханасында өзінің дәрігерлері жағдайына байланысты медициналық көмегін көрсетуде.

"Кейде жүрек соғуының жиілігіне байланысты шағымдары болады. Мұнымен қоса, өзге де дене мүшелерінің ауырсуын сезініп, кеңес алып тұрады. Жалпы, тұрғындарға айтарым егер сізде жүрек соғысы баяу, әрі жиілігі болса және осы белгілердің кез келгені болса, дәрігерге жүгінгеніңіз абзал. Көбіне бізге жүгінетіндер артериалдық қан қысымына қатысты аурулары бар науқастар", - дейді Жамбыл аудандық аурухасы терапия бөлімінің меңгерушісі Айгүл Қойайдарова.

Айта кетерлігі, Жамбыл аудандық ауруханасында жыл басынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 4236 қызмет көрсетілген. Терапия бөлімінде мыңнан аса адам емделген. Жалпы аталған бөлімде тұрғындар үшін 55 орын қарастырылған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Мәмс #Алматы облысы #ОСМС #Алматинская область

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...