• Главная
  • Алматы облысының әйелдер колониясында спартакиада басталды
16:29, 23 июля
Надежный источник

Алматы облысының әйелдер колониясында спартакиада басталды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №10 мекемесінде сотталған әйелдер арасында жыл сайынғы жазғы спартакиаданың ашылуы өтті.

Іс-шараның ашылуы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қадірлі қонақтар мен тәуелсіз төрешілер қатарында Шавкат Назаров - ҚР жазушылар одағының мүшесі, еңбек сіңірген қайраткер, Махмұд Ескіндіров - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, "Кентавр" дарынды спортшыларға көмек көрсету қоғамдық қорының президенті, Мәлікжан Заитов - еркін күрестен спорт шеберінің кандидаты, Ринат Авакриев - ушудан спорт шебері, джет кун додан спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберінің кандидаты және Әшім Құрбанов - суретші, еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР суретшілер одағының мүшесі шақырылды.

Алматы облысының әйелдер колониясында спартакиада басталды, фото-1

Спартакиада қатысушыларының фантастикалық кейіпкерлері мен керемет көңіл-күйлері қонақтарды қуантты. Іс-шара соңында ашылу конкурсының қорытындысы шығарылып, спартакиада алауы жағылды. Алда бір ай бойы спорттық жарыстар өтетін болады.

Алматы облысының әйелдер колониясында спартакиада басталды, фото-2
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...