• Главная
  • МӘМС жүйесі Жамбыл аудандық ауруханасында медициналық көмектің қолжетімділігін арттырды
17:00, 25 июля
Надежный источник

МӘМС жүйесі Жамбыл аудандық ауруханасында медициналық көмектің қолжетімділігін арттырды

Алматы облысы - еліміздегі ірі аймақтардың бірі. Үш мегаполистің біріне жақын орналасқан. Халық саны да күн санап өсіп келеді. Бүгінде 1,5 млннан астам тұрғыны бар облыста медицина сапасы қандай деңгейде? Осы жолы әңгімеге Жамбыл аудандық ауруханасының өкілдерін тарттық.

Өз өңіріндегі денсаулық сақтау саласының мүмкіндіктері, оның кем-кетік тұстары мен алдағы жоба-жоспарымен бөлісу үшін редакциямызға келген аурухана директоры Дархан Сыбанбаев баяндайды.

МӘМС жүйесі Жамбыл аудандық ауруханасында медициналық көмектің қолжетімділігін арттырды, фото-1

- Дархан Әріпұлы, біздің шақыртуымызды қабылдап, ашық сұхбат алаңынакелгеніңізге алғысымызды білдіреміз. Қош келдіңіз!

- Қош көрдік! Біздің аурухана – Жамбыл өңіріндегі негізгі медициналық ұйым. Қарамағына 57 емдеу мекемесі кіреді. Бұл медициналық мекемелер ауданның 169 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетіп жатыр. Ауруханада 290 бюджеттік төсек, амбулаторлық-емханалық мекемелерде 146 орын бар.

Сонымен қатар тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың күндізгі бөліміне қабылдау үшін 34 адамға орын қарастырылған. Жыл санап аймақ тұрғындары үшін сапалы медициналық көмек көрсету үшін жаңашылдықтар енгізілуде.

Биыл Жамбыл аудандық орталық ауруханасының ауқымын кеңейтіп, тағы бір аудандық емхана, 10 медициналық қосынды блоктық модулді кешен түріндеорнату жоспарланып отыр. Бұл өңірдің түкпір түкпіріндегі, ауыл аймақтағы ағайынның медицинаға қолжетімділігін арттыра түсуге сеп болды.

- Жоспарларыңыз көп екен. Қазіргі таңда медициналық құрылғылармен қаншалықты қамтамасыз етілгенсіздер? Мекемелер қаншалықты жаңа?

- Иә, қойған жоспарларымыз жеткілікті, алдағы уақыттың еншісінде.

Ұзынағаш ауылы Қарасай батырда орналасқан ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделуде. Ол үшін қазынадан 2 млрд 115 млн теңге бөлу қарастырылып жатыр. Мәтібұлақ фелдшерліқ акушерлік қосынына жөндеу жүргізу үшін жауапты мердігер белгіленді. Айдарлы дәрігерлік амбулаториясына құрылыс жұмыстарына да қаржы бөлінбек. Өңірдегі жалпы халық саны 169 мыңнан асады.

Қазіргі таңда Жамбыл аудандық орталық ауруханасы медициналық құрылғылармен 96 пайызға қамтылған. Аудан тұрғындарының қажетіне қызмет жасаудамыз.

- Былтыр және жыл басынан көрсетілген медициналық қызметтерге тоқталсақ. Қанша адамды қамтыдыңыздар?

- 2023 жыл мен 2024 жылдар аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен 4236, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында 1271 науқасқа қызмет көрсетілді.

Осы тұста айта кеткім келеді, сақтандыру мәртебесі бар азамат МӘМС ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген қызметіне ие болады.

Мәселен, профилактикалық медициналық тексерулер, арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі, созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы сынды. Мұнымен қоса, диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика, яғни УЗИ, рентген, КТ, МРТ секілді. Айта берсек жетерлік.

Ал, ТМККК жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиация, үйдегі стационар қызметтері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тағысын тағы. Қос пакет де көрсетіліп келеді. Олардың спектрі кең.

- Жалпы, дәрігер ретінде МӘМС жүйесінің тиімділігі бар деп ойлайсыз ба? Сақтандыру мәртебесін алу арқылы тұрғындар қандай мүмкіндікке ие болады?

- Еліміз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді бірнеше жыл бұрын қолға алды. Халық арасында қандай артықшылығы, тиімділігі бар деген сұрақ жиі қойылады. МӘМС-тің негізгі артықшылығын атап көрсетсек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы Қазақстан аумағында сіз өзіңіз таңдаған кез келген емханадан медициналық көмек ала аласыз. Бұл жағдайда, емхананың шығындарын толығымен Қор өтейді.

Сапасыз қызмет көрсетілген немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысушы ретінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Қор сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

МӘМС жүйесін енгізу көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру оның мүмкіндіктерін кеңейтті. Медицина жағдайы түбегейлі өзгеріп келеді. Мұнымен қоса, жүйе күн санап дамып келеді, оның қызмет аясы да кеңеюде.

Бұрын соңды біз көрмеген, қолымыз жетпеген құрылғылар, құрал-жабдықтарды ала бастадық. Әлбетте, науқастар да оны сезініп жатыр. Қазір аудандық деңгейде жоғары медициналық қызмет қолжетімді болып отыр.

- Дархан Әріпұлы, сіз өз сөзіңізде қымбаттық медициналық қызмет туралы айтып қалдыңыз. Сіздерде сақтандырылған тұрғындарға мұндай көмектің қайсысы қолжетімді?

- Иә, мұндай қызметтер халық үшін қолжетімді. Өйткені, ауруханамызда жүзеге асырылатын оталар тізбегі жоспарлы болған кезде МӘМС есебінен жүргізіледі. Сондықтан сақтандырылған тұрғындарға қолжетімді. Шұғыл жағдайда жүйедегі мәртебесіне қарамастан тегін көмек көрсетіледі.

Мысалы, холецистэктомия, ішектің өтімсіздігін жою, бауырдың эхинококкэктомиясы, лапароскопиялық холецисэктомия, түрлі грыжа ауруларына ота жасау, аппендектомия, геморроидалды тораптарды кесу, лапаротомия, гистероскопия, краниотомия, цистоэктомия, кистэктомия секілді күрделі, әрі қымбат оталар тұрғындарға жасалып жатқанын айтқым келеді.

- Соңғы жылдардағы ауруханадағы оң өзгерістерге тоқталсаңыз.

- Жетістіктер жетерлік. Шалғай ауылда тұрғындарға медициналық қызмет алу жеңілдеді. 2020 жылы Жаңа перзентхана бой көтеріп, іске қосылды. Бұл біздің Жамбыл өңірі үшін үлкен қуаныш. Бізде туу көрсеткіші жоғары.Мәселен, биыл жарты жылдықта 1028 бала дүниеге келді. Бүгінде әйелдер кеңесіне тіркелген әйелдер саны 1153-ті құрап отыр.

Ал, Тарғап ауылында фельдшерлік акушерлік пункт салынды. Беріктас, Қыдырбекұлы ауылдарында дәрігерлік амбулаторияларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. "Қамқорлық" оңалту орталығы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың даму ерекшеліктері бар балаларды қолдауға бағытталған бастамасы аясында құрылды.

Сонымен қатар, Архарлы, Үлгілі ауылдарында блокты-модульды кешен салынды. Жылжымалы медициналық кешен беріліп, ол 58 елдімекенде медициналық көмек көрсетуде. Дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселесі де жолға қойылған. Былтыр қызметкерлерді офлайн режимде оқытылды.

Қазіргі акушерліктегі ұрықтың кардиотокографиясы, жіті лейкоздар, нәресте өліміне жол бермеу бойынша стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсету сапасын күшейту мақсатында бойынша семинарлар өткізілді. ЖРВИ, ЖІИ алдын алу, туа пайда болған ақаулар, пренатальды скринингті уақтылы жүргізу, перинаталдық кезең ауруларының алдын алу бойынша білімдерін шыңдай түсті.

- Сіздерде туу көрсеткіші жоғары деп қалдыңыз. Жүкті әйелдерге, жалпы аналарға тағы қандай жағдай жасалған? Осы мәселені кеңірек тарқатсақ.

- Жалпы туу көрсеткіші 2023 жылы 23,15 пайызды құрады, 2024 жылы 22,5 пайызды құрайды. Жүкті әйелдерге, аналарға жоғарыда атап өткенімдей жаңа перзентхана салынған, онда қазіргі заманға сай барлық жағдайлар жасалған. Медициналық көмектің қажетті түрлерінің барлығы көрсетіледі.

Жоспарға сай оталар және жедел түрдегі гинекологиялық оталар бар. Мысалы, кесір тілігі, бір жақты сальпингоовариэктомия, жатырдың суправагиналды абдоминалдық ампутациясы, жатыр мойнының басқа реконструктивтік оталары.

- МӘМС аясында оңалту шаралары туралы айтсаңыз. Сақтандырылған азаматтарға мұндай мүмкіндіктер қарастырылған ба?

- Медициналық оңалту МӘМС жүйесінде қарастырылған. Мен біздегі балаларға арналған мұндай шараларды баса айтқым келеді. Бізде кішкентай науқастарға арналған «Қамқорлық» оңалту орталығы қызмет атқарып келеді. Орталықта медициналық, педагогикалық, әлеуметтік емдер қабылданады. Соның ішінде би терапиясы, галонотерапия, шунгиттік бөлме, физиоемдер, емдік дене тәрбиесі бар.

Дефектолог, логопед, психолог, монтессори, эрготерапия, трудотерапия мамандары жұмыс жасайды. Онда ай сайын 90-130-ға жуық бала келіп ем алады. Амбулаториялық және стационарлық емдер қабылданады. Оның барлығы МӘМС есебінен портал арқылы жүргізіліп жатыр.

- МӘМС-тің енгізілуі дәрігерлер қауымына қалай әсер етіп отыр?

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. 2021 жылдан бастап дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерінің жалақысы 25 тен 30 пайызға дейін өсіп отыр. Қазіргі таңда екі есеге дейін көбейді.

МӘМС – тен түскен қаржыға жаңа оталар жасау мүмкіндіктері берілді. Өйткені, қазіргі заманға сай қымбаттыққұрылғылар алынып жатыр. Біліктілікті арттыру үшін медицина мамандары дамыған мемлекеттерге жіберілуде. Осылайша, әлемдік деңгейдегі медициналық қызметкерлердің деңгейіне жетуге қабілетті болып отыр. Осы артықшылықтар МӘМС жүйесінің тиімділігін, дәрігерлер қауымына жақсы әсерін тигізуде.

- Дархан Әріпұлы халықтың, журналистердің көкейінде жүрген талай мәселенің күрмеуін тарқатып, сұрақтарға толыққанды, әрі ашық жауап бердіңіз. Бұл сұхбат тұрғындар үшін аса маңызды болмақ. Сол үшін сізге редакция атынан тағы да алғысымызды білдіреміз.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...