18:37, 6 августа
Надежный источник
Шетелде емделуге кім құқылы?
МӘМС шеңберінде науқастар шетелге емделуге жіберіледі немесе Қазақстан ауруханаларға операциялар жүргізу үшін шетелдік мамандарды шақырады.
Шетелде емделуге балалар да ересектер де құқылы. Ондай мүмкіндік елімізде жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке айғақтар болған кезде қарастырылады. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облысы филиалының директоры мәлімдеді.
Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, Алматы облысында 1 млн 200 мыңнан астам тұрғын сақтандыру мәртебесіне ие. Олардың 70-пайызына жуығы жеңілдік санатына жатады.
"Талапқа сәйкес, науқасты шетелге емделуге жіберудің орындылығы туралы шешім бейінді мамандардың қорытындылары негізінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдары деңгейінде қабылданады. Квота алу үшін республикалық денсаулық сақтау ұйымына немесе облыстың, қаланың денсаулық сақтау басқармасына жүгіну қажет.
Аурулар тізімі арасында миға радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) қажет ететін ісіктер, көздің қатерлі ісіктері (гамма-пышақ, радиоактивті аппликаторлар), кератопротездеу, көмейдің стенозы, кеңірдек стенозы сияқты сынды күрделі емдер бар", - дейді қор өкілі Тілеухан Шілдебайұлы.
Қор өкілі МӘМС тізбесінде медициналық көмек "сақтандырылған" мәртебесі бар азаматтарға көрсетіледі. Яғни, ондай тұрғындар МӘМС пакетіндегі қажетті медициналық көмектің барлық түріне пайдалана алады дейді. Ол азаматтың төлеп отырған жарнаның мөлшеріне қарамайтынын айтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан қарасайлық тұрғын 9 млн теңгенің отасын МӘМС есебінен тегін жасатқан еді. Дәл ондай күрделі әрі қымбат оталар сол өңірде жыл басынан 500 дей өткізіліпті.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
21:40
Вчера
В Казахстане стартовали продажи новой умной колонки — Станции Мини 3
Новости компаний
18:34
Вчера
12:54
Вчера
Как отметили День Независимости в Алматинской области
День Независимости
16:27
16 декабря
Военнослужащие десантно-штурмовой бригады Конаевского гарнизона отметили День Независимости торжественным митингом
День Независимости
14:52
16 декабря
Спецтема
live comments feed...
Комментарии