11:22, 9 сентября
Надежный источник
Алматы облысында өткен "Бір ауыл – бір өнім" көрмесінде 70-ке жуық кәсіпкер өз өнімдерін ұсынды
Көрме қала тұрғындарын таң қалдырды, себебі, қарапайым күнделікті қолданысқа ие заттарды пайдаланып ерекше өнім шығаруға болатынының айқын көрінісі болды десек те артық емес.
Алматы облысының әкімдігінің орынбасары Рустам Маратұлы:
"Өткен жылы облыстың 319 елді-мекенінде 32 млрд қаражатқа 1266 кәсіпкерлік нысаны ашылды. Аталмыш "Ауыл аманаты", "Бір ауыл – бір өнім" және т.б. жобалар 3500-ден астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етті, мыңнан аса ауыл тұрғындары несие алып, өз кәсіптерін ашты, оның ішінде 387 жастар әлі күнгі өз кәсіптерін жүргізуде", - деп атап өтті.
Жалпы, көрмеде облыс басшысының орынбасары киіз басумен айналысатын кәсіпкерлерге қызығушылық білдіріп, киіз өндіру кәсібінің болашақта дамуына, сондай-ақ, кесте тігу, қолөнермен айналысатын қыз-келіншектердің кәсіп ашуына септігін тигізетінін айтты.
"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Берікұлы:
"Бүгінгі таңда "Бір ауыл – бір өнім" көрмесі облысымызда екінші рет ұйымдастырылды және кәсіпкерлікке қызығушылық білдіріп, өз кәсіптерін бастап жатқан кәсіпкерлер саны күн санап артып келеді. Қазіргі кезде Алматы облысында 140,6 мың ШОБ (шағын ж/е орта бизнес) субъектісі тіркелген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4 пайызға артық.
Кәсіпорындар санының өсуі жұмыс орындарының артуына алып келеді: бірінші тоқсанда секторда 241,2 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға артық. Кәсіпорындар саны бойынша жетекші орындардың бірін - ауыл шаруашылығы (22,4%) алады. Әрине, бұл мемлекетіміз үшін де аса маңызды көрсеткіш", - деді.
Жалпы, көрмеде барлық талаптарға сай келетін ауыл тұрғындарының қолөнер, әшекей-бұйымдар, сүт өнімдері, бал, тағам түрлері, балаларға арналған қазақи типтегі ойыншықтар, киізден жасалған сырмақ, ұлттық нақыштағы киім-кешектер, тұрмыстық жуғыш ұнтақтар мен адам ағзасына пайдалы витаминдер секілді көптеген өнімдер болды. Бренд-комитет мүшелері әр кәсіпкермен жеке кездесіп, өнім өндіруге қажетті ресурстар жайлы тілдесті.
Көрменің қорытындысы бойынша 3 кәсіпкер таңдалынып алынатын болады. Нәтижесінде, жеңімпаз қаражаттан бөлек, маркетингтік қолдау, сертификаттау, шет елдерге өз өнімдерін экспорттау сынды мүмкіндіктерге ие болады.
Көрмеде Отарова Айжанға және Нарботанова Анаркүлге әлеуметтік кәсіпкерлер тізіміне қосылу бойынша ұсыныстар айтылды, себебі, кәсіпкерлер халықтың әлеуметтік осал топтары (ӘКҚ) санатындағы жұмысшыларды белсенді түрде жұмысқа алады.
Кәсіпкерлердің айтуынша, көрме жоғарғы деңгейде өтті және бұндай іс-шаралар ауылдық өнімдердің көптеп танылуына үлесін қосады. Туристтік аймаққа айналудың бірден-бір жолы - жергілікті шикізат өнімдерін өндіру болмақ.
"Бір ауыл – бір өнім" көрмесінің барлық қатысушы кәсіпкерлеріне "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының атынан алғыс хат берілді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Казахстан ухудшил позиции в индексе благотворительности
Благотворительность
17:01
Вчера
Круглосуточная поддержка: Как работает единый номер "109" для жителей региона
Проект "Умный город"
16:10
Вчера
13:07
Вчера
12:25
Вчера
11:35
Вчера
Казахстанские аптеки смогут работать с маркированными лекарствами без компьютеров
Мобильное приложение
15:45
23 ноября
11:30
23 ноября
ТОП новости
Назначен новый аким Илийского района
Назначение
Казахстан запустил первый лесоклиматический проект
Углеродные поглощения
Спецтема
Объявления
10:23, 14 ноября
10:23, 14 ноября
20
10:23, 14 ноября
27
02:50, 24 ноября
live comments feed...
Комментарии