• Главная
  • Қаладағы шағын аудандарда стихиялық қоқыс орындары көбейген
10:18, 13 сентября
Надежный источник

Қаладағы шағын аудандарда стихиялық қоқыс орындары көбейген

Қаладағы шағын аудандарда стихиялық қоқыс орындары көбейген, фото-1

Бұл туралы Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов өзінің Инстаграм парақшасында жазған, Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кезекті рет қаланы аралау барысында шаһар басшысы стихиялық қоқыс орындарының тым көбейіп кеткенін аңғарған. 

Қаладағы шағын аудандарда стихиялық қоқыс орындары көбейген, фото-2

"Жол жиектерінде стихиялық қоқыс орындары көбейгенін аңғардым. Жер иелеріне айыппұл салынады. Бұған дейін коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялар қоқысты шығарғанымен, кей тұрғындар қайтадан тұрмыстық қатты қалдықтарды белгіленбеген орындарға әкеліп жатыр.

Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" бағдарламасын осындай жағдаяттар көбейген соң іске қосты. Тазалық мәдениетін қалыптастыруды әр тұрғын өзінен бастауы тиіс", - деп жазды әкім.

Сондай-ақ Асхат Бердіханов 9 күннің ішінде тазалыққа байланысты жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам айыппұл салынғанын жазды. 

Қаладағы шағын аудандарда стихиялық қоқыс орындары көбейген, фото-3

"1-9 қыркүйек аралығында ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына  (қалалар мен елдiмекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) сәйкес, 73 жеке және заңды тұлғаға 812 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Осы заңның 434-2-бап бойынша (ортақ пайдалану орындарын ластау) 15 тұлғаға 276 900 тг көлемінде айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғасады", - делінген жазбада.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...