21:23, 13 сентября
Надежный источник
Халықтық штаб Алматы облысының жастарына АЭС салу мәселесін түсіндірді
Алматы облыстық Халықтық штабы Есік қалалық гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – жастарға атом электр станциясы салу туралы ақпарат беру және энергетика саласындағы қазіргі жағдайды талқылау болды.
Өңірлік Халықтық штаб мүшесі Бағдат Рахимов АЭС салудың елдің энергетикалық саласына ықпалы туралы баяндады.
"Қазіргі таңда еліміздегі электр энергиясының шамамен 70%-ы көмірден алынады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 миллиард кВт/сағатқа жетуі мүмкін, ал қолданыстағы станциялар бұл қажеттілікті толық қамтамасыз ете алмауы ықтимал. Бұл жағдай еліміз үшін қосымша энергетикалық шешімдерді қарастыру қажеттілігін туғызады", – деді Бағдат Рахимов.
Кездесуде АЭС құрылысының технологиялық ерекшеліктері мен қауіпсіздік шаралары талқыланды. Халықаралық стандарттарға сай III және III+ буын реакторларының қолданылуы, олардың қауіпсіздік жүйелері және апаттардың алдын алуға арналған технологиялары туралы түсіндірілді.
Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, реакторлардың жұмыс принциптері және қауіпсіздік талаптары жан-жақты қаралды.
Халықтық штабтың тағы бір мүшесі Гүлнар Құраметова АЭС салу жобасының экономикалық және әлеуметтік әсерлері туралы ой бөлісті.
"АЭС салу жобасы еліміздің энергетика саласына жаңа технологияларды енгізуді талап етеді және бұл жобаның елдің энергетикалық балансына әсері маңызды болмақ. 6 қазан күні өтетін Республикалық референдумда бұл мәселе қоғамның назарына ұсынылады", – деп атап өтті Гүлнар Құраметова.
Кездесу соңында студенттер мен оқытушылар АЭС құрылысына қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Жастар энергетика саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, АЭС салудың әлеуетті әсерлерін түсінді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Казахстанские аптеки смогут работать с маркированными лекарствами без компьютеров
Мобильное приложение
15:45
11:30
19:15
Вчера
Традиционное боевое искусство Юго-Восточной Азии
Пенчак силат
14:39
Вчера
16:01
21 ноября
12:24
21 ноября
ТОП новости
Казахстан запустил первый лесоклиматический проект
Углеродные поглощения
Спецтема
Объявления
10:23, 14 ноября
27
12:46, 10 ноября
10:23, 14 ноября
20
10:23, 14 ноября
live comments feed...
Комментарии