• Главная
  • ҚАЖ қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өткізді
14:48, 2 октября
Надежный источник

ҚАЖ қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өткізді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекемесінің базасында ҚАЖ және Ұлттық ұлан қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мекемелердегі азаптаудың алдын алу және заңдылықты сақтау бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.

Жұмыс кездесуі ҚАЖД басшылығының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, мамандандырылған прокуратура, ҰҚКД, Алматы облысы ПД ҰҚК және Ұлттық ұлан басшылығының қатысуымен өтті.

ҚАЖ қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өткізді, фото-1

Кездесу аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаудың салдары және қылмыстық-атқару жүйесі қызметіндегі жекелеген мәселелер талқыланды.

Шақырылған қонақтар заңдылықты сақтаудың маңыздылығы, бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу шаралары туралы түсіндірме жұмыстар өткізді. Сонымен қатар, ҚАЖ және Ұлттық ұлан қызметкерлерін жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтарын сақтауға және қылмыстық-атқару заңнамасының нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дайындаған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

ҚАЖ қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өткізді, фото-2

"Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өзекті тақырыптардың бірі болып табылады және біз тиісті бақылауды қамтамасыз ете отырып, Алматы және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және алдын алу бойынша қажетті кешенді шаралар қабылдайтын боламыз",- деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары м.а. Магнис Сабиров.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...