21:34, 5 ноября
Надежный источник
Науқастарға 507 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілген
Жыл басынан Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы 507 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін науқастарға үлестірді.
Бұл тіркеуде тұрған емделушілерге арналған тегін көмек түрі. Диагнозы әртүрлі науқастардың еміне сеп болу, олардың денсаулығын жақсарту мақсатында ұйымдастырылатын шара дәстүрлі түрде ай сайын өтеді.
Бүгінде көпсалалы ауруханада 8 мың емделуші есепте тұр. Олар әртүрлі диагнозы бар емделушілер. Әсіресе қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қарасы көп. Мұндай ауру түрлері ұзақ мерзімді емдеуді талап ететіндіктен, дәрі-дәрмекпен қамту маңызды.
"Біздің ауруханада дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 80-90 пайыз жүзеге асады деп айта аламын. Себебі, биыл барлық ауруға қарсы дәрілеріміз бар. Емделушілер қант диабетінен бастап, артериалдық гипертензия дертіне дейінгі дәрі-дәрмектерге қол жеткізе алады.
Олардың бірқатары Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде берілсе, қалғаны Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен халыққа қолжетімді", - дейді қалалық көпсалалы ауруханасының провизоры Күлбану Бекмағамбетова.
Мұндай көмек түрі азаматтардың қаржылық ауыртпалығын жеңілдетуге де септеседі. Өйткені, бір дәрі-дәрмек құны тым қымбат. Кейбірінің 1 миллион теңгеден асады. Орта есеппен жылына бір емделушінің қалтасынан 15 миллион қаржы кететін еді. Бірақ, тұрғындар ТМККК және МӘМС жүйесі арқылы тегін қамтамасыз етіледі.
"Есепте тұрған 8 мың науқастың ішінде балалар да бар. Рецепт арқылы тегін қамтамасыз ететін дәріханамыздан барып алады. ТМККК қант диабеті, жүрек аурулары және өзге де күрделі ауруларды қамтиды. Анимия, буын аурулары, балаларда кездесетін аурулардың басым бөлігіне препараттар МӘМС есебінен тегін беріледі.
Ең жиі кездесетін дерттер қатарында жүректің ишемиялық аурулары, артериялдық қан қысымы, созылмалы және жүйке жүйесі аурулары бар. Бұл диагноз қойылған науқастар қымбат тұратын дәрілерге тегін қол жеткізіп отыр", - дейді Қалалық көпсалалы ауруханасының Үздік тәжірибелер орталығының меңгерушісі Гүлзира Қарпықбаева.
Мамандардың айтуынша, тегін дәрі-дәрмек алу үшін азамат тіркелген жеріндегі жергілікті дәрігерге я медбикеге баруы керек. Учаскелік дәрігер немесе медбике дәрі-дәрмектің Халықаралық жалпы атауын көрсететін рецепт береді. Рецепт пен жеке куәлікпен науқас тіркелген емханасының дәріханасына барып, дәрі-дәрмек алуы керек.
Препараттарды қолданылуына байланысты оларды 3 айға дейін қабылдауға болады. Кейбір аурулар үшін міндетті шарт - диспансерлік есепте болу.
ӘМСҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:31
Вчера
12:24
Вчера
Казахстан запустил первый лесоклиматический проект
Углеродные поглощения
22:34
19 ноября
22:12
19 ноября
Назначен новый аким Илийского района
Назначение
15:54
19 ноября
13:06
19 ноября
11:58
19 ноября
ТОП новости
Спецтема
Объявления
15:47, 8 ноября
12:46, 10 ноября
15:47, 8 ноября
10:23, 14 ноября
27
live comments feed...
Комментарии